Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда 624 учаске жұмыс істеп тұр

Алматыда 624 учаске жұмыс істеп тұр. Оның 549 - ы азаматтарды тұрақты тіркеу орындарында құрылған, ал 75-і -уақытша. Дәл қазір әріптесім Айдана Шалқар Алматыдағы дауыс беру учаскелерінің бірінен тікелей эфирге қосылуға әзір тұр. Айдана, біз сізді тыңдап тұрмыз.....

 АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Дәл қазір біз Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіндегі №253-ші учаскеде тұрмыз. Бүгінгі маңызды күнде өз таңдауын жасау үшін келіп жатқандардың қарасы көп. Айта кетейік, 253-ші учаске бойынша алғаш дауыс беруші ретінде тізімге алынғандар саны 600-ден асады. Қазір менің жанымда жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасаған Елнұр Ділдәбек тұр.

Елнұр, бүгінгі референдумда өз таңдауыңызды жасадыңыз. Алғаш рет. Әсеріңізбен бөлісіңізші.

АЙДАНА ШАЛҚАР, ТІЛШІ:

Жауабыңызға рақмет. Қоса өтейін, алғаш рет дауыс берген азаматтарға, қарттар мен туған күн иелеріне арнайы сыйлықтар берілді.