Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 900 мыңнан астам сайлаушы бар

Астанада 900 мыңнан астам дауыс беруші бар. Олардың белсенділігі өте жоғары. Таң атқаннан бері учаскелерге жұрт ағылып келіп жатыр. Қаладағы референдум учаскелерінің бірінен қазір әріптесім Бекболат Сатуов тікелей эфирге қосылады. Бекболат, елордалықтардың дауыс беру қарқыны қалай? 

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Еліміз бойынша астаналықтардың белсенділігі жоғары. Осы уақытқа дейін азаматтардың 45,19 пайызы дауыс берген. Мен дәл қазір бас қаладағы номері 323 сайлау учаскесіндемін. Мұнда 3 мың дауыс беруші тіркелген. Соның 40% пайыздан астамы дауыс беріп үлгеріпті. Белсенділік өте жоғары дейді, референдум учаскелік комиссия төрағасы. 

ӘЛИЯ БАЙТЕЛЕНОВА, №323 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өте белсенді тұрғындар қатысып жатыр. Сағат 7 ден бастап кісілер келіп жатыр. Ең бірінші келген адамдарға біз бір кішкентай сыйлық табыстадық. Сосын бүгінгі күні туған күндері болған кісілерге және бірінші рет өмірінде дауыс берген адамдарға, азаматтарға сыйлық сыйладық. Сондай бір кішкентай өзектілік бар.

БЕКБОЛАТ САТУОВ, АРНАЙЫ ТІЛШІ:

Айта кетейік, Елордада 18 жасқа толған 26 мыңнан астам жас алғаш рет республикалық референдумға қатысып, дауыс беруде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да қажеттінің бәрі бар.