Русский Сайттың толық нұсқасы

Электр көлігін құрастырған оралдық өнертапқыштар дауыс берді

Оралда электр көлігін құрастырған өнертапқыштар дауыс берді. Олар осыған дейін электр қуатымен жүретін екі мәшине жасап шығарған. Шеберлердің айтуынша, бұл іске техникаға бейімі бар студенттер де құлшыныс танытып, кейбір бөлшектерін жасауға көмектескен. Осылайша жасыл энергетикаға жастардың да қызығушылығын ояттық, дейді өнертапқыш. Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүйткитін ток-тұлпарды небары 2,5 сағатта толық қуаттап, 240 шақырым жол жүруге болады. Қазір көлік әлі жетілдіріліп жатыр.

ЗАКИР ХАМЗИН, ӨНЕРТАПҚЫШ:

Электр көлігін 2011-жылдан бері құрастырып келеміз. Бұрын дайын мәшинені пайдалансақ, мына техниканы түгелдей өзіміз құрастырдық. Қазір әлем үлкен өзгерістердің алдында тұр.

Референдумнан оралдық байкерлер қауымы да қалыс қалмады. Өздері топ құрған олар мотоцикл мен квадроциклдерімен колонна боп тізіліп, бір мезетте дауыс берді. 

ИЛЬЯ КИЗИЛОВ, БАЙКЕР:

Біз көктемгі су тасқыны кезінде жерлестерімізге көмектестік. Құм салынған қапшық тасыдық, ауыр жұмыстан қашпадық. Бүгін үлкен таңдау алдында тұрған елдің азаматы ретінде өз таңдауымызды жасадық.