Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда балықшылар әулеті дауыс берді

Атырауда балықшылар әулеті референдумда өз таңдауын жасады. Ағалы-інілі Тілепбергеновтер Аманкелді орта мектебінде орналасқан нөмірі 68-інші референдум участкесіне келді.  Балықшылар династиясының атасы Тілепберген қария 1934 жылы балық кооперативі құрылған кезде басы-қасында болған. Содан бері Жайық өзені мен Каспий теңізінің су маржанын аулау, өңдеу кәсібін әулеттің төртінші ұрпағы жалғастырып жатыр. Балалары мен немере-шөберелері әлі де нәпақасын осы салада тауып жүр. Елдегі саяси оқиғалардан қалыс қалмайтын балықшылар отбасы таңдау жасау – азаматтық борышымыз,- дейді.  

САНАТ ТІЛЕПБЕРГЕНОВ, РДАГЕР БАЛЫҚШЫ:

Өзімнің бауырларыммен, семьяларымызбен бәріміз келіп дауыс беріп кетіп жатырмыз. Жұртпен бірдей осы колхозымызда Аманкелді колхозында Дамбаның халқы келіп дауыс беріп жатыр. Өзіміздің азаматтық борышымызды орындадық деп есептейміз.