Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттіктер өз таңдауын жасады

Әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы өз таңдауын жасады. Шымкенттегі опера және балет театрында орналасқан учаскеде маңызды шешім қабылдаған өнер майталманы дауыс беріп қана қоймады. Референдум учаскесіне келген көпшілікті өнерімен сусындатты. 

Референдум – еліміз үшін маңызды саяси науқан екеніне тоқталған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі әрбір адам бұл шарадан қалыс қалмай, өз дауысын беруі маңызды деп санайды. 

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ:

Мен мынадай үлкен ауқымды іс- шарадан ешқашан қалмаймын. Бұл біздің болшағамыз. Бұл біздің азамат ретінде елімізге қосқан үлесіміз. Мен азамат ретінде осыны міндетті түрде дауысымды берер едім.

Бүгінгі саяси науқанда Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мұхтархан Дәлдәбеков те өз таңдауын жасады. Ол өзі тұратын аумақтағы учаскеге отбасымен барды. 

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ:

Бүгін біздің еліміз үшін өте маңызды күн, референдум деген. Сондықтан мен өзімнің таңдауымды таңдадым. Және әрбір Қазақстанның азаматы үшін референдум бір дауыс берсе де маңызды күн. Сондықтан барлықтарыңызды дауыс беруге шақырамын.