Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысының мектептеріне 1 мың интерактивті тақта сатып алынды

  • AstanaTV
  • 06 қазан 2024
  • 385

Атырау облысының мектептері үшін 1 мың интерактивті тақта сатып алынды. Қазір білім ордаларындағы мұндай тақталар саны 2 мыңға жуықтады.

Атырау облыстық білім басқармасының басшысы Марат Әбуовтің айтуынша, интерактивті панельдер 7 аудан мен облыс орталығында орналасқан білім ордаларына таратылып жатыр.

«Интерактивті тақталардың 500 данасы Атырау қаласындағы мектептерге орнатылады. Ал, Индер ауданына осындай 45 тақта жіберіледі. Исатай мен Махамбет ауданына 60 данадан беріледі. Құрманғазы ауданына 57, Қызылқоғаға – 56, Жылыойға – 50, Мақат ауданындағы мектептерге 39 тақта жеткізіледі. Гимназия мен лицейлердегі білім ордаларына 83, техникалық білім беретін колледждерге 50 тақта беру көзделіп отыр», -деп хабарлады Марат Әбуов.

Оның айтуына қарағанда, Индер және Махамбет ауданындағы, облыстық гимназия мен лицейлердегі интерактивті панель тапшылығы мәселесі толықтай шешілген.

«Жалпы интерактивті тақта білім беру процесінің қызықты әрі тартымды өтуіне мүмкіндік береді. Оның көмегімен мұғалім түрлі оқу материалын видеомен көрсетіп, 3D форматты қолдана алады. Бұл балаларға қажетті ақпараттың жеңіл әрі түсінікті жеткізілуін қамтамасыз етеді. Мұғалімнің ашық сабақты онлайн форматта өткізуіне мүмкіндік бар», -деп мәлім етті Марат Әбуов.