Референдумның 10 мың учаскесінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі референдум өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шараларын қорытындылады. Референдум кезінде заңсыз сауалнама мен үгіт- насихат жүргізген екі жағдай анықталды. Азаматтар өз кінәларын мойындады, оларға әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешов мәлімдеді. Қалада қауіпсіздік шаралары әлі сақталады, полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режимін жалғастырады.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұған дейін атап өткеніміздей елімізде қоғамдық тәртіпті сақтауға 3 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Құрметті азаматтар Ішкі істер министрлігі ел тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.