Русский Сайттың толық нұсқасы

Кейбір мемлекеттерде дауыс беру әлі жалғасуда

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі қазақстандықтар да референдумда белсенділік танытты. 59 елдегі отандасымыз 74 референдум учаскесінде дауыс берді. Кей елде таңдау жасау тоқтатылса, кейбірінде әлі жалғасып жатыр. Сан-Францискодағы бір учаске Астана уақытымен 20:00-де ашылған. Лондондағы ұлына қонаққа барған Орынбасар Сүттібаев жұбайымен бірге сондағы елшілікте өз таңдауын жасады. Саяси науқан кезінде елден жырақта жүрсе де, азаматтық борышын білдірді.

ОРЫНБАСАР СҮТТІБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Қазақстанның азаматы ретінде осы Лондонда жүрсем де елшілікке келдім дауыс берейін, өз ойымды, пікірімді білдірейік деп келдік.

Ал Малайзияда білім алып жатқан Тұрар Омаров бұл тарихи датаға өз үлесімді қостым, дейді. Шет елде білім алып жатқан азамат әр адамның дауысы маңызды екенін айтады.

ТҰРАР ОМАРОВ, СТУДЕНТ:

Әр адамның даусы өте маңызды. Елдің азаматы болғаннан кейін елде болып жатқан бүкіл өзгерістерді, құбылыстарды біз азамат ретінде өзіміздің позициямызды, көзқарасымызды білдіруге міндеттіміз.

Австрия еліндегі қазақстандықтар да бұл саяси науқаннан тыс қалмады. Олар әр адам елдің болашағы үшін жауапты, сондықтан таңдау жасауда қателеспеу маңызды деп ой түйді.

ЕЛДОС ҚҰЛТАЕВ, МАГАТЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Вена қаласындағы елшілікке келіп, өз дауысымды бердім. Референдум Қазақстан үшін маңызды.

Ал 88 жастағы Вашингтон тұрғыны Тапен Аухадиев ел игілігі үшін атқарылып жатқан іске оң бағасын беріп, қазақ халқына амандық тіледі.

ТАПЕН АУХАДИЕВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ:

Еліміз аман болсын. Кең байтақ, асты-үсті қазына жеріміз аман болсын. Қашанда қазақ халқы аман болсын. Қазақ халқы үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!

Елде дауыс беру әлдеқашан тоқтағанымен, кей мемлекеттерде жалғасып жатыр. Соңғы болып Сан-Франциско штаты референдум учаскесін жабады. Себебі бізбен 12 сағат айырмашылығы бар.