Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылар дауыс берді

Атырау облысында мұнайшылар жұмыс орнында дауыс берді. Вахталық ауысыммен кен орындары мен өндірісінде жұмыс істейтіндерге таңдау жасауға барлық жағдай жасалған. Мәселен, NCOC (ЭНСИОСИ) компаниясына қарасты Қашаған кен орнындағы Каспий теңізіндегі Д аралында бүгін 870 адам жұмыс істеп жатыр. Референдум комиссия мүшелері тікұшақпен дауыс беру жәшігін апарды. Бұдан бөлек «Ембімұнайгаз» компаниясының ауысымдық жұмыстағы 1664 адам да өз таңдауын жасады. Теңіз кенішінде еңбек етіп жатқан 10 мыңға жуық жұмысшы өздері бекітілген 7 пунктте дауыс берді. Осылайша өндірістегі жұмыс та тоқтамады, мұнайшылар АЭС құрылысына қатысты азаматтық позициясын да білдірді. 

РҮСТЕМ ҚОҢЫРБАЕВ, МҰНАЙШЫ:

Мен «Теңізшевроил» компаниясының қызметкерімін. Жетісу облысы Талдықорған қаласының тумасымын. Қазір вахтада жүрмін. Елімізде атом электр станциясының құрылысына байланысты өзімнің азаматтық ұстанымымды білдіріп, дауыс бердім. Біз үшін жұмысшылар кентінен дауыс беру учаскесін ұйымдастырғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Менің отбасым да мекен-жайым бойынша дауыс берді.