Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында референдумға орай жапсырылған насихат парақтары жиналды

Қарағанды облысында референдумға орай жапсырылған насихат парақтары жиналды. "AMANAT" партиясының бастамасымен өткен «Таза Қазақстан» акциясына жастар белсене қатысты.

Студенттерден құралған еріктілер қала маңы мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартады. Жастар бұдан бұрын үгіт- насихат парақшаларын аулаларға, аялдамалар мен сауда орындарына жапсырған болатын. Енді оларды жинап сұрыптауға тапсырады.

ЗИЯТ СӘДУАҚАСОВ, “ ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ:

Референдумнан кейін біздің белсенділер қаланың тазалығын сақтау мақсатында агитациялық плакаттарды алып, оларды болашақта сұрыптауға жіберетін болады. Акцияның негізгі мақсаты-қаламызды таза ұстап, біздің азаматтық борышымызды орындау.