Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұятсыздар»: Алматының автобусында үлкен кісілер мен жастар орын үшін дауласты

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 170

Tiktok әлеуметтік желісіне видео жүктеген автор Алматыдағы автобус ішінде болған дауды бастан-аяқ баяндаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үлкен ер адам үшін орын сұраған әйел адам жастарды табалап, екі қызға «ұятсыз екенсіңдер» деп дауыс көтеріп, айқай салады. Жастар болса, автобуста ешкім ешкімге орын беруге міндетті емес екенін алға тартқан.

«Көп өмір сүріп қойдыңдар ма? Көп көрдіңдер ме? Бұл - үйдегі тәрбиеден емес, адамның санасына байланысты нәрсе. Менің қызым ешқашан автобуста үлкен кісілерге орын бермей отырмайды», - дейді жастарды кінәлаған әйел.

Видеоға пікір жазғандар екі бойжеткенге ақыл айтып, әйелді сотқа беруге болады дейді. Себебі қоғамдық орындарда ешкім ешкімнің ар-ожданына тие алмайды.

«Жастар шаршамай ма? Айтарға сөзім жоқ. Мәдениетті түрде «қызым, орын берші» десе, кез келген адам қабылдап, орнын ұсынар еді. Біз де таңертең кептелісте тұрмас үшін ерте 5-6-да шығып, сабағымызға барып, кейін жұмыстан кешке үйге қайтарда автобуста отырып барғымыз келеді. Тәрбиесіне, ата-анасына тіл тигізгені дұрыс па? Әйелді әйел түсінбесе, кім түсінеді?», - деп жазды халық.