14 жастағы жасөспірімнің денесі 10 қыркүйек күні мектеп жанындағы адам тұрмайтын ғимараттан табылған еді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы 14 жастағы Аурелияның газдан уланғанын көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.
«Сот-медицина сараптамасы қыздың газдан қатты улану себепті көз жұмғанын көрсетті. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайды», - деді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.