Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде әлі жылу берілмеген өңірлер бар

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 257

Үкіметте батыс пен оңтүстік өңірлерге қашан жылу берілетіні айтылды, деп хабарлайды Astana TV.

Жылыту маусымы Абай, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында басталды. Ауа райы жағдайына байланысты батыс және оңтүстік өңірлерде жылыту маусымының басталуы қазан айының ортасынан жоспарланып отыр. Электр станцияларындағы жөндеу кестесіне сәйкес 5 энергоблокта, 32 қазандықта, 28 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды. 4 энергоблокта, 23 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары түрлі кезеңдерде жүргізілуде, - деді Энергетика министрі.

Министрдің мәлімдеуінше, елімізде 19,9 мың км электр желілері, 376 қосалқы станция және 4 046 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделген.

Сәтқалиев жылыту кезеңіне дайындықты күшейту министрлік тарапынан қандай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

- электр энергиясына шекті тарифтер түзетілді;

- электр қуаты нарығындағы шекті тариф ұлғайтылды;

- қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті ұлғайтылды.

2024 жылы қабылданған шаралар жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды өткен жылдың деңгейінен 44 пайызға артық, 327 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Энергия көздерінің отын қоймаларында 5,2 млн тонна көмір және 88 мың тонна мазут жинақталған, жалпы нормаға сәйкес келеді. Тек Риддер жылу электр орталығында көмір қоры 20 тәулік нормадан 14 тәулік қана. Жинақтау жұмыстары жалғасуда, - деді Сәтқалиев.