Русский Сайттың толық нұсқасы

Зайсанда бойжеткенкендер оқушы қызды қатты боқтап, бетінен ұрып, тізерлетіп, мазақ еткен

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 263

Зайсанда 3 мектеп оқушысы жиналып бір қызға буллинг көрсеткенін видеоға түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Темекі шегіп отырған үш қыз дөрекі сөйлеп, өзге оқушы қызды балағаттап, бетінен ұрып, тізерлеп отырқызып кешірім сұратқан. Олар өздерінің әрекеттерін видеоға үсірген. Жәбірленуші қыз «Құдай үшін, ұрмай-ақ қойыңдаршы» деп жалынған.

«Біздің артымызда қаншама адам тұр. Тізерлеп кешірім сұра. Бағанадан бері саған хабарластым. Қоңырауға жауап бермесеңдер, телефонды не үшін ұстайсыңдар?. Саған 5 мың теңге айыппұл. Бұл екеуі 10 мыңнан қойсын, 20 мың теңге ертең тауып берсін. Бұл видеоны бүкіл Зайсан көреді. Ертең банк картасына 10 мың теңге жібер. Аналарыңа, мұғалімдерге айтсаң, жақсылық күтпе», - дейді видеодағы дөрекі сөйлеген оқушы қыздар. 

Соңында үшеуі жәбір көрсеткен қызды тағы да тізерлетіп, бұл жолы маңдайын жерге тигізіп тұрып, кешірім сұратқызған. Редакция осы оқиғаға байланысты ішкі істер министрлігінің жауабын күтіп отыр.