Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдағы ең ықпалды екінші адам өмірден өтті

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 284

Қытайдың ең ықпалды екінші шенеунігі У Банго 83 жасында қайтыс болды, деп жазды scmp.com.

Қытайдағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болған У Банго Батыстың саяси жүйесіне қатаң қарсылығымен есте қалған. Қытайдың жоғарғы заң шығарушы органын басқарған бұрынғы шенеунік У Банго сейсенбі күні таңертең Бейжіңде 83 жасында қайтыс болды,  деп хабарлады ресми Синьхуа ақпарат агенттігі.

У Банго 2002-2012 жылдар аралығында Қытайдағы ең ықпалды тұлғалардың бірі болды, ол елдің жоғарғы заң шығарушы органы – Қытай Халық Өкілдері Жиналысының (НПС) Тұрақты комитетінің төрағасы және билеуші Коммунистік партияның екінші адамын қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол Қытайдың ең жоғарғы шешім қабылдау органы – Саяси бюроның Тұрақты комитетінің екінші мүшесі болды. Ол Қытайдың бұрынғы президенті Ху Цзиньтао және бұрынғы премьер-министр Вэнь Цзябаомен қатар билік басында болды.

У Банго 2011 жылы өткен НПС семинарында Қытайда жүзеге аспауы тиіс бес саяси жүйені атап өтті: көппартиялық жүйе, плюралистік идеологиялар, федерализм, жекешелендіру және биліктің бөлінуі мен екі палаталық жүйе. 2013 жылы қызметінен кетер алдында ол «Батыс саяси жүйесінің модельдерін ешқашан көшірмейміз» деп сендірді.

У Банго өзінің саяси мансабын Шанхайда бастаған, 1967 жылы Пекиндегі Цинхуа университетін радиоинженерия мамандығы бойынша бітірген соң онда ондаған жылдар бойы жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап үш жыл бойы Қытайдың қаржы орталығы Шанхайдың партия хатшысы болып қызмет атқарды, кейін ол Орталық Комитеттің Хатшылығына көтерілді. Ол Шанхайдың Пудун жаңа аймағын дамытуға жауапты басты тұлға болып саналады, бұл аймақтың дамуы 1990 жылдан кейін Қытайдың ең халқы көп қаласының қарқынды өсуіне маңызды үлес қосты.