Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда заң бұзған 6 африкалық ұсталды

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 287

Алматыда Африка елдерінен келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір азамат анықталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Шетелдіктер жеке құрылыс алаңында, мейрамхана мен көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген. Олар полиция департементінің қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

«Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылатын болады. Осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр», - деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.