Белглі әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жақында тұрмысқа шығатынын айтып, тойға дайындық қызу болып жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі «Revue news» бағдарламасында сүйіктісімен бірге сұхбат берді. Оның айтуынша, Сәкен екеуі бірге тұрып жатқан көрінеді.
«Адам толық бақытты болған кезде, неге оны жарияламасқа?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз», – деді блогер ару.
Одан кейін үйлену тойына дайындалып жатқанын да мәлім етті.
«Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз», – деді Айжұлдыз.