Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тосынсый жасадық": Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнін Кипрде тойлады

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 277

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жолдасы Нұртас Айдарбековтың туған күнін шетелде қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайрат Нұртастың анасы тығыз жұмыс кестесіне қарамастан отағасы үшін арнайы уақыт тапқан. Айдарбекова дүкенінің ашылу салтанатынан кейін бірден ертеңіне шетелге ұшып кеткенін айтты. 

"Кеше ғана дүкенімнің ашылуы болып, түнімен қонақ күткенімізді салған едім. Менің туған күнім 12 сәуір, космонавтар күні ғой. Бәрі бекер емес сияқты. Бір жапырақ жерге түссе де, Алланың қалауымен. Мінекей, бүгін Кипрдемін. Бұйырса, 8 қазан Нүрекемнің туған күні, бала-шағамызбен осындай тосынсый жасайық деген ой болды. Сіздерге де Алла күш-қуат нәсіп етіп, әлемді аралауды жазсын! Әумин деп жаза кетіңіздер, Алланың құлағына шалынсын", – деп жазды Гүлзира.

Одан кейін продюсер осы күнге ерінбей еңбек еткеннің арқасында табысқа кенеліп жүргенін айтты. 

“Шынымды айтсам, инемен құдық қазғандай жылдар бойы адал нәпақамызды тауып келеміз. Жан дүниеңнің таза болса, отбасың үшін тапқан наның адалдықпен келгені жұғымды болады. Ұрпағыңа да өмірлік жейтін нанын табуға жол салып бересің. Өзім де ұрпағымның танымалдықпен, абыроймен жасап жатқан істеріне қараймын. Олар – Нүрекең екеуіміздің өсіп-өніп жатқан жемістеріміз. Ал біз сол жемістердің тамырымыз. Үзіліп кетпеуіміз керек. Алла сүйген құлына көтере алады деп сынақ береді. Кез-келген сынаққа сынып кетпейік деп, Аллаға шүкіршілік етіп отырамын. Мейлі ұлдарымыз болсын, келіндеріміз болсын сіздердің бәрін жатқа біліп, танып қашан да қолдап отырасыздар. Бәрі де Алланың қалауымен адал еңбекпен, адал ниетімізбен, ел алдында жинаған абыройымызбен келген бақ деп білемін”, – деп жазды продюсер.