Қазақстан мен Мажарстанның Парламент басшылары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Будапешт қаласында депутаттар Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокпен және Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Сондай-ақ, Қарсақ қаласының тұрғындармен жүздесті. Онда екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық мәселесі кеңінен талқыланды. Мәжіліс төрағасы Орталық Еуропадағы бауырлас халық – мажар еліне ерекше ықыласпен келіп отырғанын айтып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған сәлемін жеткізді. Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы жылдары Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар туралы айтып берді. Соның ішінде 6 қазанда өткен жалпыұлттық референдумға тоқталды. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.