Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары газ саласының мәселелері бойынша заң жобасын таныстырды

«Қос тарифті» қолдану жағдайларын болдырмау үшін жеке газ тарату ұйымдарының қызметі реттеледі. Мәжіліс депутаттары газбен жабдықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша Заңға өзгерістер енгізді. Заң жобасы газды ұқыпты тұтынуды ынталандыруды, ішкі нарықта сату кезінде оны есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ тариф қалыптастырудың жаңа әдістері енгізілді. Заң жобасын іске асыру республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. 

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінде газ құбырларының қандай да бір жаңа учаскелерін қызмет көрсететін ұйымның балансына беру процесі ұзақ уақытқа созылады. Ал осы кезде газ инфрақұрылымына қызмет көрсетілуі керек. Бірақ компания ол үшін ақша ала алмайды, өйткені бұл инфрақұрылым учаскелері тарифте көрсетілмеген. Олар рәсімдеу аяқталғанға дейін тарифке кірмеу үшін бұл мәселелерді заң жобасында қамтыдық.

Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов заң жобасында шикілік барын жеткізді. Ол тариф пен үнемдеу туралы әңгіме қозғамастан бұрын, қауіпсіздік мәселесіне назар аудару қажеттігін айтты. 

БАҚТЫҚОЖА ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір газ баллондарын кім көрінген қалаған жерінде пайдалана береді. Нәтижесінде улану фактілері, қайғылы оқиғалар жиі болып жатады. Ең сорақысы, мұны ешкім қадағаламайды. Бұрындары газ инспекциясы деген болатын. Қазір ол жоқ. Нақты регламент жоқ. Бұл өте маңызды сұрақ.