Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада мүмкіндігі шектеулі болса да, белсенділігі жоғары азаматтарға сый-құрмет көрсетілді

  • AstanaTV
  • 08 қазан 2024
  • 302

Қазан айының екінші жексенбісі -мүгедектер күні. Осыған орай Елордада Мүгедек жастар қоғамының мүшелері марапатталды. Олар спортта, бизнесте жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Ең бастысы, барлығы білімге құштар азаматтар. Көпшілігі жоғары білім алып, ел қатарлы жауапкершілігі мол жұмысты атқарып жүр. Осы мақсатта аталған ұйым белсенділік танытқан. Талай кабинеттің табалдырығын тоздырып, дегеніне жеткен. Нәтижесінде, бірқатар жоғары және арнаулы орта білім ордаларында инклюзивті топтар құрылып, кәсіп меңгеруге мүмкіндік пайда болды. 

МҰРАТ ӘБДІМОМЫНОВ, МҮГЕДЕК ЖАСТАР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұрындары мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту немесе қоғамға бейімдеу мәселесі бойынша нақты жоспар болмады. Адамдардың көпшілігі ойлайтын мүгедектерге білім, жұмыстың не қажеті бар деп. Тіпті, жатып ішер деп те мысқылдады. Бірақ, мүмкіндігі шектеулі болса да, кәсіппен айналысып, жоғары білім алып, ел қатарлы жұмыс істегенін көрген кезде ғана біздің де өз қара бастарымызды алып жүріп қана емес мемлекетке де пайдамыз бар екенін көрді.