Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісуда халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды

Жетісу облысында Қазақстанның Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің ескерткіші орнатылды. Қола мүсін суретшінің 120 жылдығына орай қойылған. Шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, елдің зиялы қауым өкілдері мен шебердің қызы Гүлдария Қастеева қатысты. Аймақ басшысы суретшінің есімі тарихта алтын әріптермен жазылып, бай мұрасы елдің асыл қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жете беретінін айтты. Шараға жиылғандар ескерткіштің шымылдығы ашылған соң, қылқалам шеберіне арналған экспозициялық көрме мен 9 картинаның түпнұсқасын тамашалады. Сондай-ақ мерейтойға арнап шығарылған қылқалам шеберінің өмірі мен өнер жолына қатысты «Әбілхан Қастеев», «Өмір мектебі» кітаптарының тұсауы кесілді.