Русский Сайттың толық нұсқасы

ШЫҰ-на болашақта әлем халқының 40 пайызы кіреді - Р.Алимов

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2017
  • 2786

Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы мүмкін.  Ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері бас қосқан жиында Сергей Лавров осылай деді. Бұдан бөлек, бүгін Астанада өткен басқосуда Үндістан мен Пәкістанның мүшелікке қабылдану мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:


Иран қазір БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі қойған санкцияға байланысты сұрақтарды шешті. Сондықтан бұл мемлекет Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі болу үшін қойылатын талаптарға сай келіп тұр. Маусым айында өтетін халықаралық ұйымның сапындағы мемлекет басшылары Иранның толық мүшелікке қабылдау мәселесін қарастырады деп сенеміз.

Одақтың жаңа мүшелері ұйымның статусын көтеріп, беделін арттыра алады. Бас хатшы Рашид Алимовтың сөзінше, ол кезде ұйымның құрамына әлем халқының 44 пайызы кіріп, әлемдік жалпы ішкі өнімнің 25 пайызын құрамақ. Жиында қаралған жобалардың бірі -  экстремизмге қарсы конвенция. Жазда өтетін саммитте мемлекет басшылары бірлесе отырып, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде мәлімдемелер жасайды деген болжам бар. 

Айбек ҚОСАН