Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысындағы дала өрті сөнді – ТЖМ

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2024
  • 106

Қарағанды облысындағы дала өрті толығымен сөнді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері Қарағанды облысындағы табиғи өртті сөндірді. Қатты екпінді жел мен өрттің ауқымды аумағына қарамастан, құтқарушылар өрттің 33 мың бас малы бар және 1,5 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекенге және 11 шаруа қожалығына таралуына жол бермей, қорғап қалды», деп жазған ТЖМ-ның баспасөз қызметі.