Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары өз аулаларын тазалады

Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары өз аулаларын өздері тазалауда. Есік алдына салынған балалар ойын алаңын күтіп ұстап, айналасындағы қоқыстарды үнемі жиып-тереді. Мұндай бастаманы қала орталығындағы Ғани Мұратбаев және Абай даңғылы көшесінде орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары қолға алды. Осылайша олар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына үлес қоспақ. Жалпы шара бастау алғалы аймақта 548 мыңнан аса тұрғын атсалысқан. Нәтижесінде 21 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 

АЙДАНА КӘРІБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жұмысбасты емес, бос кісілер қатысады. Барлығымыз жұмыла жабылып, есігіміздің алдын таза ұстап отырамыз. Әр сейсенбі сайын аула тазалығына шығамыз. Есігіміздің алдына гүл отырғызып көркейту жұмыстарын жасаймыз. Гүлдеріміз бар. Суарып, сөйтіп отырамыз. Шөптерін жұлып, таза ұстап отырмазы ауламызды. Әрбір азамат қала тазалығылына осылай атсалысса деймін.