Русский Сайттың толық нұсқасы

68 млн теңге пара алған лауазымды тұлғалар ұсталды

Қаржы министрлігінің басқарма басшылары ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін министрліктің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Данияр Бегайдаров хабарлады. Оның айтуынша, азаматтар мәселені шешу арқылы 68 миллион теңге қаражат иемденген. Қазір пара алған басшылар мен делдал қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соттың санкциясынан кейін күдіктілерге электронды білезік тағылып, үй қамаққа алынған. 

ДАНИЯР БЕГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық сыбайлас қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармасының басшылары әшкереленді. Олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 миллион теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деп күдіктеледі.

Биыл 9 айдың ішінде жемқорлық туралы хабар берген 76 адам марапатталды. Олар 28,9 млн теңге сыйақы алған. Жемқорлық туралы ақпарат бергендердің көбі Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.