Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістандық 9 жасар Сезімгүлді Үндістанда емдету үшін көмек керек

Түркістан облысының 9 жасар тұрғыны Сезімгүл Қалмаханға көмек керек. Тыныс алу аппаратына таңылған жеткіншекті шетелде емдету үшін қомақты қаражат болмай тұр. Ата-анасы көпшіліктің қолдау күтеді. Көз алдында жаны қиналған қызының тағдырына ел-жұрт бей-жай қарамайды деп сенеді.

Ордабасы ауданындағы Бадам ауылының тұрғыны Қалмахан Әзбергенов немересінің жанынан бір елі ұзамайтынын айтады. Сезімгүлдің тыныс алуы қиындағанына үш айға жуықтаған. Аппаратсыз дем алу мүмкіндігі 2 минуттан аспайды. Жөтелі қозып, тұншыға бастайды дейді. Ауыр дертке елімізде ем жоқ көрінеді. Ендігі үміті үндістандық дәрігерлерде.

ҚАЛМАХАН ӘЗБЕРГЕНОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Индияға данныйының бәрін выпискаларын жібердік қой..Құдай қаласа сол жақтан жауап келіп тұр. Енді мен үмітім..әлі күдерімді үзіп отқан жоқпын. Олар «емдейміз» деп отыр. Лажы болса сол жаққа баруға маған жәрдем керек. Қолдарыңыздан кеп жатса әйтеуір жәрдем беріңіздер. Менің бір үмітім...Мен енді бұл баланы көшеге тастай алмаймын ғой...

Атасының айтуынша, Сезімгүлдің бауырына 8 айлығында күрделі операция жасалып, өт қабы қоса алынған. Ал 7 жасында бірден жүре алмай қалғанын айтады. Жөтелі қатты болғандықтан былтырға дейін дәрігерлер пневмания деп емдеді дейді. Өкпесінің қатты асқынған жағдайда екенін мамандар былтыр маусымда бір- ақ білді деп өкпелі.

ҚАЛМАХАН ӘЗБЕРГЕНОВ, ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Негізі маған кешегі қыз айтқаны: сіздің қазір барғаныңызға, жататын орныңыз , пока ары –бері жүргенше 2 мың доллар кетеді деді. Ал одан кейін өздерінің специальный зауыттары бар деді да, сол зауытқа барғаннан кейін мына қыздың анализін қояды, сөйтіп сол зауыттан специальный осы Сезімгүлге дәрі жасайды екен. Сөйтіп сол жерде бағасын айтады нақты осынша болады. Ал оған ейін маған пока ақша керек баруға.

Қалмахан Әзбергенов жалғыз баспанадан басқа сататын дүние қалмады дейді. Малдың бәрін осы қыздың еміне деп сатып біткенін айтады. Ауруханаға жиі жатады. Ал Сезімгүлдің жағдайы бақылауда деген жергілікті мамандар оған қойылған диагноздар балаларда өте сирек кездесетін сырқат түрі дейді.

ФАРИДА ОРАЛОВА, БАДАМ АУЫЛДЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ АҒА ДӘРІГЕРІ:

Енді бұл диагноздың өзі өте ауыр, күрделі диагноз. Сол себепті осы берілген емдердің нәтижесін әрі қарай бақылап отырамыз. Енді толық жазылып кете алатынын айта алмаймын. Қолдан келгенінше біз бақылауда ұстап, стационарлық емін де, үй жағдайдағы емін де және реабилитациялық емінің бәрі ұйымдастырылып, әрдайым жіберіліп отырады.

Айта кетейін, жеткіншек денсаулығына байланысты мектеп табалдырығын аттамаған. Мұғалімдер үйге келіп оқытады. Сезімгүл желтоқсан айында 10 жасқа толады. Өз қатарластарымен асыр салып ойнағысы келеді дейді атасы.