Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде Сазды өзені бойындағы қамыс өртенді

Ақтөбеде Сазды өзені бойында камыс өртенді. Өзен бойынан басталған тілсіз жау жақын маңдағы саяжайларға қарай көшкен. Онда шамамен 130 саяжай бар. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Төтеншеліктер мен жергілікті атқарушы орын өкілдері, полицейлер отты өшіруге жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі жатыр. 

АЙБАТ ЖАҢАБЕРГЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қатты желдің екпіні себепкер болып тұр осы өрттің өршуіне. Сол себепті қала аумағына жолатпау мақсатында алғы жағын шектедік. Сазды өзені аумағында басқа да саяжай ұжымдары дейді тұрғын үйлер бар. Соларға күштерді жұмылдырып жатырмыз.