Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында дала өртінен зардап шеккендерге өтемақы төлеу уәде етілді

  • AstanaTV
  • 09 қазан 2024
  • 287

Қарқаралы ауданының шаруа қожалықтарын ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин аралады. Ол дала өртінің салдарын анықтау үшін шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт 35 мың гектарға тараған.

Теректі ауылында бір қыстақ зардап шекті. Шамамен 300 тонна шөп өртенді. Залал толығымен өтеледі.

"Теректі ауылындағы қыстақтардың бірінде 300 тонна шөп өртенді. Қалған қыстақтарда шөптің өртенуі, мал шығыны тіркелген жоқ. Барлық қажетті көмек көрсетіледі", – деді Саят Мусин.