Русский Сайттың толық нұсқасы

Анджелина Джоли 1958 жылғы қымбат Ferrari көлігін аукционға қояды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 175

Америкалық актриса Анджелина Джоли қараша айында 1958 жылы шығарылған Ferrari 250 GT көлігін аукционға қояды. Бұл туралы «Christie's» аукцион үйі хабарлады.

Бұл көлік Ferrari компаниясы шығарған 353 дананың он бірінші көлігі екені атап өтілді. Көлікте 3 литрлік Colombo V12 қозғалтқышы бар және бес жылдамдықты механикалық қораппен жабдықталған. Көліктің сырты қара түспен безендірілген, ал ішкі жағы ашық қызыл былғарымен қапталған. Ferrari бар болғаны 10 000 шақырым жүрген.

250 GT суперкар алғаш рет 1958 жылы Париж автосалонында көрсетілді. Ол түпнұсқадағы Borrani дөңгелектерімен және алюминий барабан тежегіштерімен жабдықталған.

Christie's автокөліктің бастапқы қозғалтқышы орнатылғанын растады, бірақ ол 1978 жылы көк және ақ түске боялған, интерьер қарадан қызылға өзгерген. Аукцион үйі актрисаның көлікті қанша уақыт иеленгенін немесе оны мүлдем пайдаланбағанын айтудан бас тартты.

Сондай-ақ, Джолидің көлікті не үшін сатып жатқаны белгісіз. Жұлдыздың бұл Феррариді айдап жүріп түскен суреті жоқ. Актриса жәй ғана қажетсіз заттардан құтылуда деген болжам бар.

Әдетте мұндай сирек көліктер шамамен 0,5 миллион долларға сатылады. Christie's аукцион үйі көлікті 660 мыңнан 880 мың долларға дейін бағалауда.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.