Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаевты Ашхабад әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 157

Ашхабад әуежайында Түрікменстанға ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары орындалды.

Айта кетейік, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысады.