Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордадағы Отан қорғаушылар алаңы қоқыстан тазартылды

«Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Елордадағы Отан қорғаушылар алаңы қоқыстан тазартылды. Оған 40-тан астам «АМАNАТ» партиясының мүшесі мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Еріктілер саябақ аумағын түрлі тұрмыстық қоқыс пен жапырақ қалдықтарынан арылтты. Еске салайық, бұл қала аудандарында өткізіліп отырған жиырмасыншы тазалық шарасы. 

ТҰРАРБЕК АЛҚАНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

"Таза Қазақстан" акциясы негізі осы Қазақстанды немесе осы Астанамызда болсын жаңағы экологиялық мәдениетті қарқынды даму үстінде. Жастар арасында немесе халқымыздың арасында субмәдениет дамыды. Оны былай да байқауға болады.

АЗАМАТ БІРЖАНОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ «БІРЛІК» ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ:

Қыс жақындап келе жатқандықтанда, саябақтарды қоқыстан тазартуға кірістік. Себебі қар жауса барлық кұл –қоқыс астында қалады. Біз тазалық акциясын тоқтатпаймыз. Осы арқылы қала тұрғындарын да болашақта осындай шараларға тартқымыз келедІ.