Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысында типтік мал қорымы мен ветеринариялық пункт жетіспейді

Ақтөбе облысында типтік мал қорымы мен ветеринарлық орталық жетіспейді. Өңірдегі 142 ветпункттің тек бесеуі жеке ғимаратта орналасқан. Қалғаны селолық әкімдікті паналап отыр. Биыл өңірде он ветеринарлық бекет салынған. Тағы 13 модульдық нысан салу көзделіп отыр. Оған жергілікті әкімдік тарапынан жер бөлінбек. Әр бір ветпункт арнайы мал өртейтін пештерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Өңірде типтік мал қорымдары да жетпіспейді.

БЕРДІМҰРАТ БЕКЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Сонымен қатар биыл үнемделген қаржы есебінен 13 ветпункт сатып алу көзделуде. Порталға салынды. Үкіметтік сатып алу порталында оның жетеуі бүгінде ойнатылып, келісім шарт жасалып ветпункттерді салу жұмыстары жүргізілуде. 25 жылға 52 модульдық ветпункт сатып алу көзделуде 990 млн. 26 жылға 47, 2027 жылға 42 сол бойынша 2030 жылға дейін тұжырымдаманы толық бітіруге көздеп отырмыз.