Алматыда «AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтті. Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарымен тілдесіп, түйткілді мәселелерді тыңдау және проблемалардың шешімін табу. Тұрғындармен кездесу Түркісіб ауданында ұйымдастырылдыі. Шараға 100-ге жуық адам қатысты. Тұрғын үй, коммуналды және әлеуметтік мәселелер талқыға көтерілді.
ГҮЛЖАЗИРА ҚАНЫБЕКОВА, ЖЕТІСУ АУДАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бізде мәселе өте көп. Аналардың мәселесін қараса. Мынау тұрғын үй деп жатырмыз ғой. Не үшін бізде проблема таусылмайды, өйткені бізде көбейіп келе жатырмыз. Бізде айтамыз ғой көпбалалы болыңыздар, біздің демографиямыз көтерілсін деп иә. Ол үшін біздің халықтың жағдайы да көтерілуі керек. Баспана жағына көбіне көңіл бөлсе
ӘЛИЯ САДЫРБАЕВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Жергілікті және республикалық деңгейде шешілетін мәселелер болады. Мәселен, бүгін көше атауын қоюға байланысты сұрақпен келген тұрғындар болды. Осы секілді проблемаларды жіктеп, іріктеп жауапты өкілдерге сауал жолдайтын боламыз. Бұндай кездесулерді 2022 жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Бір байқағаным, адамдар жұмыстан, күйбең тіршіліктен қолы босамай, мәселелерін жауаптыларға айтуға уақыт таппайды. Сондықтан біз бүгін олардың сұрақтарын тыңдап, алдағы уақытта шешуді қолға аламыз.