Русский Сайттың толық нұсқасы

Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2024
  • 476

Астанада қазақтың үш бәйтерегінің бірі – Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған шара өтті. Қоғам және мемлекет қайраткерінің есімі берілген университетте белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері жиналды. Биыл Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл.Салтанатты шара ардақты азаматтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Конференцияға жиналған игі-жақсылар Алаш ардақтысының ақындық, жазушылық және саяси еңбектерін жеке талдап, ой бөлісті. Бастысы – келешек ұрпаққа қайраткер қалдырған мол мұраны сіңіру қажет екеніне көп тоқталды. 

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, АЛАШТАНУШЫ:

Сәкен Сейфуллин – ірі тұлғалардың қатарында. Үкімет басқарған жылдары қоғамдық-саяси мәселелер, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің барлығын өз деңгейінде шешіп, ел болашағы үшін зор еңбектенген тұлға.

МАРАТ ӘБСЕМЕТОВ, СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МУЗЕЙ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақ халқы барда, Сәкен бар. Сәкен барда, қазақ халқы бар. 28 жасында үкімет басқарған кісі еді. Бүкіл қазақ халқын ойлаған еді. Қазақтың болашағы, қазақтың жері – барлығын ойлаған. Сол ел үшін, жер үшін жанын қиды.