Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайтыс болған адамның банк картасын ұрлап кеткен криминалист сотталды

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2024
  • 145

Теміртауда қайтыс болған адамның банк картасын ұрлаған әйелге қатысты сот үкімі шығарылды. Сотталушы криминалист болып істеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Аталған азамат полиция басқармасындағы криминалист қызметін атқарып жүргенде, мәйіт табылған пәтерге барған.

Криминалист тексеріс кезінде марқұмның атына рәсімделген банк картасы мен бір параққа жазылған құпия кодты тауып алады. Оқиға орнынан кеткеннен кейін банкоматқа барған. Есепшоттан 182 000 теңгені шығарып, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Сотта прокурор бұрынғы криминалист қызметін атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза кесуді сұрады. Сондай-ақ, полиция капитаны лауазымынан айыруды ұсынды. Ал, жәбірленуші тарап қылмыстық істі тоқтатуды сұраған. Себебі материалдық шығын толығымен өтелген. Сотталушының жасаған ісіне өкінетінін айтып, бұрын сотталмағанын және асырауында 3 кәмелетке толмаған жас баласы бар екенін айтып, сот үкімін жеңілдетуді сұрап отыр. 

Сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ 361-баптың 2-1-бөлігі (лаузымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану) бойынша криминалист әйел кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.