Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент қаржы министрі Б.Сұлтановты қабылдады

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2017
  • 2454

Мемлекеттік шығыстарды азайтып, қаржылық тұрақтылықты сақтау бағытында жұмыстар жалғасын табады. Бұл туралы Президент қабылдауында болған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Ақорда.

Ол «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдаудағы қаржы және фискалдық жүйенің алдына қойылған міндеттердің іске асырылу барысы туралы айтты. Президент елдің экономикалық даму деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, негізгі үш міндетке назар аударды. Тиісті тетіктер қалыптастыру арқылы кірісті арттыру мен мемлекеттік шығыстарды азайту аса маңызды деді. Бюджет қаржысын тиімді пайдалануға да көңіл бөлу керектігі айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ұлттық қорды көбейтіп, оған қосып отыру керек. Сендер, біздің көп мекемелер соған қарап отырады. Бізге ақша берсе, біз оны игерсек деп. Сендердің министрліктерің оған тиым салуы керек.