Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордалық мұғалімдер мен оқушылар мектеп ауласына ағаш екті

Бүгін Астанадағы 60 мектеп пен 40 балабақшаның ауласына ағаш егілді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы шараны Экология және табиғи ресурстар мен Білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Бір күнде балабақша мен мектептердың ауласына 2500 дана сібір алма ағашы, виргин шетені және дөңгелек жапырақты ирга көшеттері отырғызылды. Ұйымдастырушылар Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың экологиялық тәрбиесіне көп көңіл бөлу керектігін айтады. Себебі дәл осы жаста, қоршаған әлем, табиғат пен жануарларға ұқыпты қарауды қалыптастырады. 

НАЗГҮЛ АХМЕТОВА,  № 99 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде осы жаңа мектеп болғаннан кейін біздің мектептің баспалдағын аттаған оқушылар осы жеміс ағашындай, бізге жемісін берсе деген ниеттеміз. Науқанның басты мақсаты өздеріңіз білесіздер бұл тазалық және табиғатқөа деген әдептілік оны сақтау.

АЗАМАТ ӘБУОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ОРМАН ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ӘЛЕМІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:

Аталған шара елодалық 180 мектеп пен 40 балабақшада өткізілді. Жайлы мектептерге 50 көшеттен берілсе, балабақшаларда 15 түптен егілді