Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Ұлттық қордан балаларға қанша теңге түседі?

  • AstanaTV
  • 11 қазан 2024
  • 161

Ұлттық қордағы ақшаны мейлінше аз алып, тиімді басқарсақ, балалар арасында бөлінетін қаражат мөлшері де өседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинге мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

«Біз Ұлттық қордан неғұрлым көп ақша алсақ, балалар арасында бөлінетін пайыз да соғұрлым төмен болады. Сол себепті біз, әрине, Ұлттық қордағы ақша көбейіп, инвестициялық кірісіміз өскенін қалаймыз. Егер біз көбірек сақтап, азырақ алып, тиімді басқарсақ, әрине, балаларға бөлінетін қаражаттың сомасы да өсе береді. Бұл жерде қарапайым арифметика: егер сен депозитіңнен үнемі ақша шеше берсең, тиісінше оған қосылатын пайыз да аз болады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Былтыр Ұлттық қордың активтерін басқару есебінен инвестициялық кіріс 6,2 млрд долларды құраған. Ал бұл жылдық 11 пайыз. Ал биыл көрсеткіш доллармен жылдық 9%-ға жеткен.