Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы бес баланың өлімі: Облыс әкімі Жітіқараға барып, жиналыс өткізді

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2024
  • 166

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қайғылы оқиға орын алған Жітіқара ауданына барды. Өңір басшысы қазаға қатысты көңіл айтты және барынша қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қостанай облысы әкімдігінің хабарлауынша, әкім жедел кеңес өткізіп, оқиғаның себептерін мұқият тексеруді тапсырған.

Сондай-ақ, әкім балалардың туыстарына көңіл айтып, көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Оған қоса, психологтардың аталған отбасымен жұмыс істеп жатқаны, оларға уақытша баспана берілгені және материалдық қолдау көрсетілетіні анықталды.