Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының өкілдері зертханаларды аралап көрді

  • AstanaTV
  • 24 сәуір 2017
  • 2089

13 жоғарғы оқу орнында заманауи қондырғылармен жабдықталған 20-дан аса зертхана құрылды. Былтыр бұл мақсатқа Ұлттық қордан 3 млрд теңге бөлінген еді.

Бүгін "Нұр Отан" партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары атқарылған жұмыспен танысты. Еуразия Ұлттық университетіне барып, зертханаларды аралады. Олар қаражаттың үнемді жұмсалғанын айтты. Бірақ көңіл көншімейтін жайттар да барын жасырған жоқ.

Бахтияр Мәкен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Бір жылдан кейін, жарты жылдан кейін, өздерінің жасап жатқан жұмыстарын тек қана көрініс емес, бір нәтижелі түрде көрсететін қортындысын бізге әзірлеп берсе, біз осы комиссиямен топ депутаттар тағы келіп қараймыз.

Жобаны іске асырудағы мақсат - осы зертханаларда жұмыс істейтін магистранттар мен студенттердің ғылыми жаңалығын өндіріске енгізу. Алайда патентке қол жеткізу мүмкін емес. Себебі жоғарғы оқу орындары тиісті аккредиттеуден өтпеген. Бұл олқылықты Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жыл соңына дейін реттеуге уәде берді.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Арнайы жол картасын әзірледік. Оған сәйкес, ЖОО-ғы аккредиттеу мен сертификаттауға жататын барлық зертханалар жыл соңына дейін тиісті рәсімдеуден өтеді. Біз мұны қамтамасыз етеміз.