Русский Сайттың толық нұсқасы

ATP 250 Almaty Open турнирінің жеребесі тартылды

  • AstanaTV
  • 12 қазан 2024
  • 256

Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Аюсай шатқалындағы визит-орталықта ATP 250 Almaty Open турнирі негізгі кезеңінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ATP 250 логотипі бар асықтардың және қазақстандық Тимофей Скатов пен венгриялық Фабиан Марожонның көмегімен тартылған жеребе қорытындысы былай болды: жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо бірінші айналымда ойнамайды, ол бұл турнирді бірден екінші кезеңнен бастайды. Тимофей Скатов бірден чехиялық Томаш Махачпен сынға түседі, ал Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев іріктеудің жеңімпаздарымен ойнайды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Тимофей мен Фабиан теннис ойнады. Одан кейін жеребеге қатысушылар осы аудандағы ең көрікті жерлердің бірі – сарқырамаға барды.