Астанада өртенген мейрамханадан үш газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өрт Сарыарқа ауданы Мамбетова көшесінде орналасқан екі қабатты мейрамхананың ас бөлмесінен шыққан.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Ғимаратта адамдар жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді. Өрт 20.26-да оқшауланып, сөндірілді», - делінген хабарламада.