Русский Сайттың толық нұсқасы

Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны болды

  • AstanaTV
  • 13 қазан 2024
  • 101

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны жаңа капитаны болып Назым Қызайбай сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.

Айта кетейік, қазір боксшылардың әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қызу дайындықтықты бастап кетті. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.