Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысына «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы есеп берді

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Компания басшысы Президентке 9 айда атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Айтуынша, қазір. «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісін салу және Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталған. Сондай-ақ «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырын салу басталды. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Орта Азия – Орталық» жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр, дейді басқарма төрағасы.

САНЖАР ЖАРКЕШОВ, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Елімізде тауарлы газдың тұтыну көлемі артқанына байланысты және де ресурсты ұтымды пайдалану үшін бүгінгі есебімде тауарлы газдық ресурстық базасын арттыру мәселесі талқыланды. Бұл бағытта «QazaqGaz» ұлттық компаниясы нақты жетістіктерге жетті. Біріншіден, Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында орналасқан КТ-3 геологиялық барлау учаскесіне инвестициялық келісім шартқа қол қойылды. Керек қаржыландыру моделіне сәйкес, инвестор керек қаржылық тәуекелдердің барлығын өз мойнына алады. Басқа да инвесторлармен үш нақты келісім шартқа қол қойдық.