Қарағандыда көктайғақ кезінде автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарақаты ауыр болғандықтан дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Көктайғақ кесірінен өңірде 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екі адам зардап шеккен. 500 ден астам көлік трассаларда қалып қойды, оларды арнайы полиция жасағымен шығарып салуға тура келген.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Теміртау және Шахтинск қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам жарақат алды. Қалған 19 оқиғада зардап шеккендер жоқ. Қарағанды облыстық полиция департаменті жол тайғақ кезде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.