Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың денесін 80 пайыз күйік шалған

Семейде жанып жатқан қоқыстың ішінен нәресте табылды. Перинаталдық орталықтың дәрігерлері шақалақтың өмірі үшін 7 сағат күресті. Алайда сәби жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қайғылы оқиға кеше орын алды. Нәресте Семейдегі шағын аудандардың бірінде өртеніп жатқан қоқыс жәшігінен табылған. Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісованың айтуынша, нәресте өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскен. Денесінің 80 пайызын күйік шалған. Салдарынан сәби шетінеп кетті.

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу Абай облыстық прокуратурасының ерекше бақылауына алынғанын хабарлаймыз.

Қыз баланың дүниеге келгеніне небәрі 1 күн болған. Қазір полицейлер бұл жантүршігерлік қылмыстың барлық фактілерін анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

ЕЛДОС ЗАКИМОВ, АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Семей қаласында жаңа туылған нәрестенің мәйітін табу фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Департамент қызметкерлері санынан арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жедел іздестіру барысында бейнекамераларды тексеру, куәгерлерді анықтау жұмысы жалғасуда. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.