Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде бірнеше жыл бойы қызын зорлаған әкеге сот үкімі шықты

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2024
  • 295

Ер адам күш қолдану арқылы қызын 12 жасынан бастап, 2021 және 2023 жыл аралағында бірнеше рет қатарынан зорлап келген. Қыз бала кәмелеттік жасқа толған соң полицияға арызды өзі түсірді. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Зорлау" бабы бойынша қаралған іске үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚК 120 бабы (Зорлау) 4 бөлігімен айыпты деп танылған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

"1976 жылы туған И.Х. қатыс қылмыстық іс қаралды. Қостанай облысының тумасы. Орта білімді, жұмыссыз, отбасылы. Ақтөбе қаласында тұрады. Қылмыстық кодекстің 120 бабы 4 бөлігімен сотқа жіберілді. И.Х. айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Педагогикалық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырды. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекемесінде жазасын өтеу бекітілсін", – деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Сонымен қатар ер адам алкоголизмнен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіледі.

Іс материалдарына сенсек, ер адам қызын 2021 жылдан бастап зорлағаны белгілі болды. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, күштеп жыныстық қатынасқа тартқан. Оқиғаның қай кезде, қалай болғанын жәбірленушінің өзі егжей-тегжей, толық баяндап берген. Экспертизалық сараптама қызда психологиялық ауытқудың жоқтығын, ойдан шығармағанын анықтады.

Айыпталушы сотқа дейінгі тергеу кезінде де өз әрекетін мойындап, жағдайды баяндаған. Жәбірленуші кәмелеттік жасқа толған соң арызды өзі түсірген.

"Қызым психолог көмегіне жүгініп жүр. Ол полицияға арызды өзі түсірді", – деді анасы.