Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылы еліміз бойынша 248 адам өндірісте көз жұмған

  • AstanaTV
  • 25 сәуір 2017
  • 2874

Құрылыс саласы өндірістік жарақат жөнінен алғашқы орында тұр. Бұл  жөнінде тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы мен құрылыс саласы кәсіподақтарының бірінші конгресінде айтылды. Салалық кәсіподақ төрағасы бұл мәселе күн тәртібінде тұрған маңызды тақырыптардың бірі екендігін айтады.

Өткен жылы өндіріс ошақтарында 248 адам қаза тапқан. Бір ғана Астана қаласының өзінде 74 адам құрылыс басында мертігіп, 27 жұмысшы өнідірісте көз жұмған. Қайғылы оқиғалардың басты себебі тиісті бақылаудың болмауынан орын алып жатады. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы да бұған өз әсерін тигізуде, - дейді мамандар.

Құсейін Есенғазин, салалық кәсіподақтың төрағасы:

Құрылыс саласында өнеркәсіптік жарақат көп. Бүкіл Қазақстан экономикасы бойынша біз бірінші-екінші орындамыз. Тау-кен өнеркәсібінен кейін.  Құрылыс саласының көбісі жеке меншік болып кетті. Сондықтан оларды бұрынғыдай оқу бітірген бойда саған жұмыс тауып бере қоямын деген мәселе, шындығына келгенде, қиын.