Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жұмысыңызды көрсетіңіз". Премьер-министр Қарашөкеевті сынға алды

  • AstanaTV
  • 15 қазан 2024
  • 312

Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл обылысының әкіміне ескерту жасап, нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің экономикалық жағдай туралы есеп берді.

Былтыр өңірде қуаңшылық болды. Бірақ биыл ауыл шарушылығы саласында өсім бар. Сол себепті Жамбыл облысы бойынша 2023 өсімдік шаруашылығы статистикалық деректерін қайта өзектендіруге ықпал етуіңізді сұраймыз. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайда жыл қортындысы мен салада жылдық жоспар орындалады деп күтілуде, - деді Қарашөкеев.

Әкім саладағы жағдай бақылауында екенін айтты. Алайда Үкімет басшысы мәселенің себебі емес, нәтижесі керегін ескертті.

Нәтиже керек, себептері емес. Нақты шаралар қабылдау қажет. Біз статистикаға қалай ықпал етеміз? Өздеріңіз жұмыстарыңызды дұрыстап көрсетіңіздер, - деді Олжас Бектенов.